КамАЗ-дың мас жүргізушісі 2 көлікті қағып кетті

17.09.2022 в 14:11

Екі адам ауыр жарақат алды

Жетісу облысында мас жүргізуші екі көлікті қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік оқиғасы Балпық би ауылында тіркелді, 16 қыркүйектен 17 қыркүйекке қараған түні болған. КамАЗ көлігі Опель Вектор және Тойота Камриді қағып кеткен. Екі адам ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта Көксу ауданының ауруханасына жатқызылды.

Анықталғандай, көлік оқиғасына кінәлі 31 жастағы КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі болып шықты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Ер адам ұсталып, Көксу ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Tags: Камаз