Жантүршігерлік жол апаты: Қарағанды облысында бір отбасының 5 адамы көз жұмды

27.08.2022 в 14:15

Аман қалған бір бала ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға кеше түнде болған. «Балқаш-Приозерск» тас жолындағы Гүлшат ауылына 23 шақырым жерде жеңіл көлік жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолға шығып кетіп, ауыр жүк машинасымен соқтығысқан. Салдарынан 35 жастағы ер адам, оның жұбайы және кәмелетке толмаған 3 перзенті оқиға орнында мерт болды. Аман қалған бір бала ауруханаға жеткізілді. Айта кету керек, жабық жолда ескерту белгілері болған екен.

«Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құрметті жүргізушілер, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз! Жылдамдықты асырмаңыздар, қарсы жолға шықпаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», – деді облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қуаныш Зәрубаев.