Нұр-Сұлтанда жұмысшы 10-қабаттан құлап кетті

20.05.2021 в 14:21

Оқиғаға қатысты полиция түсінік берді

Нұр-Сұлтанда ер адам құрылыс алаңында биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 20 мамырда таңертең Есіл ауданында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Басылым мәліметі бойынша, жәбірленуші құрылыста жұмыс істейді.

Оқиғаға қатысты полиция түсінік берді.

«Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сағат 11.08-де № 2 қалалық ауруханаға 36 жастағы ер адам салынып жатқан нысанда биіктен құлап, жарақат алғаннан кейін жеткізілгені туралы хабарлама келді», – деді қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Құқық қорғау органдары соталды тергеуді бастады.