Алматы облысында медицина қызметкерлері мінген микроавтобус аударылды

15.02.2021 в 14:23

Көлік апаты кеше таңғы 7:40-та Есік-Бәйдібек би трассасында орын алған

Алматы облысында медицина қызметкерлері бар микроавтобус аударылып, 21 адам зардап шекті. Көлік апаты кеше таңғы 7:40-та Есік-Бәйдібек би трассасында орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Жеке меншік маршрут Бәйдібек би ауылы перзентханасының қызметкерлерін жұмысқа жеткізбек болған. Алайда көлік жүргізушісі тайғақ жолдың кесірінен тізгінге ие бола алмай қалған. Жолаушылар Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына жеткізіліп, травматология бөлімшесіне 3 адам жатқызылған. 19 пациент амбулаториялық бақылауға алыныпты.

«Анық болғандай «Mercedes-Benz Sprinter» маркалы автокөліктің 41 жастағы жүргізушісі шығыс бағытқа қарай келе жатып, Сатай ауылына іргелес жерде  рөлге ие бол алмай аударылып қалды. Қазір жол апаты фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  Сараптамалар тағайындалды», – деді облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.