АрселорМиттал Теміртау: Зардап шеккен кеншілерге кешенді күтім мен оңалту көмегі жасалады

28.10.2023 в 14:31

28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, жиырмадан астам адам қаза тапты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Компания өкілдері "Костенко" шахтасында болған апат туралы хабардан кейін "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің бастан кешкен қайғысын сөзбен жеткізу мүмкін емес екенін айтты.

  Бұл - әріптестердің отбасы үшін, бәріміз үшін үлкен қайғы. Шахтада құтқару жұмыстары жалғасуда, 25 шахтер әлі табылған жоқ, 21-інің қаза тапқаны расталды. Жақындарынан айырылғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз, – делінген хабарламада.

Компания өкілдері барлық зардап шеккен қызметкерлер кешенді күтім мен оңалту көмегін алтынын айтты.

 - Біздің күш-жігеріміз дәл осындай қолдауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған, - деп таратады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі

Қарағанды облысындағы "Костенко" атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, жиырмадан астам адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барды