Жетісу облысында қар еріп, ауылды су алып кетті

06.03.2023 в 14:31

Зардап шеккендер жоқ

Жетісу облысында егістіктегі қар еріп, Қызылжар ауылды су алып кетті. Төтенше жағдайлар департамент  өкілдері оқиға салдарынан зардап шеккендер жоғын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда елдің мазасын қашырған топан су Қызылжар ауылындағы 4 үйдің ауласын басып қалған. Арық желілері селге шыдамаған көрінеді.

Қазір өңірдегі жұрт апат салдарымен күресіп жатыр. Арық жүйесін тазалау және тереңдету, қапқа құм толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған мамандардан бөлек, жергілікті тұрғындар да жұмылды. Ауылға кеткен қар суы Байғазы өзеніне құйылып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті жағдай тұрақталғанын хабарлады.

«5 наурызда Қызылжар ауылын су басқанын хабарланды. Төтенше жағдайлар департаменті дәл қазір апат салдарын жою жұмысын жалғастырып жатыр. Үйлерді су басқан жоқ», – деді  Жетісу облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ринат Қарандашев.