Алматыдағы ірі сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

20.04.2022 в 14:33

Хабар бүгін түстен кейін Алматы полиция департаментіне түскен

Алматыдағы Forum сауда ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды. Қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұндай хабарламаларға қатысты шара аясында эвакуациялық-тексеру ұйымдастырылды, саперлер жұмылдырылады", - делінген хабарламада.

Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды.