Алматы әкімдігі қаза тапқандарды жерлеуге толық көмектеседі

30.11.2023 в 14:45

Эвакуацияланғандарға қолдаудың барлық шарасы көрсетілуде

Алматы әкімдігі жерлеу процесін ұйымдастыруға және қаза тапқандардың денелерін тасымалдауға жәрдем көрсетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы әкімдігі зардап шеккендер мен эвакуацияланғандарға қолдаудың барлық шараларын көрсетуде. Жедел түрде уақытша баспана берілді, тамақтану ұйымдастырылды, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдеседі. Бұдан басқа Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем толық көрсетіледі.

Жерлеуді ұйымдастыру мәселесі бойынша қаза тапқандардың туыстары мына байланыс нөмірлеріне жүгіне алады: + 7 707 779 07 08, +7 777 312 08 08.

Алматы әкімдігі өрт салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

Оқи отырыңыз: Өртенген хостелдің жер участкесі мақсатсыз пайдаланылған