Өскеменде белгісіз біреулер аулада жүрген жеткіншекті атып кетті

05.04.2019 в 14:48

Оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады

Өскемен қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреулер 13 жастағы жасөспірімге оқ атты, деп хабарлайды YK.news.kz.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 3 сәуір күні 19.00 шамасында кезекші бөлімге 35 жастағы қала тұрғынынан хабарлама түскен.

«Ер азамат 18.00 кезінде бұзақылар оның 13 жастағы ұлының аяғына оқ атқанын айтты. Жасөспірім өз сыныптастарымен бірге аулада ойнап жүрген. Олар оқтың дауысын естіген. Кейінірек арыз берушінің ұлы сол аяғы ауырсынып тұрғанын жеткізді», - деді полиция.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Оқ сараптамаға жіберілді.