Рудный қаласында суық су құбыры жарылды

10.12.2022 в 14:56

Жолдарды су басып қалды

Бүгін таңертең Рудный қаласында құбыр жарылып, жолды су басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.

«Рудный қаласында шамамен сағат 10-дар шамасында Дзержинск және Горький көшелері қиылысындағы су құбыры жарылып, тұрғын үйлер сусыз қалған. Апат болған жерге арнайы мамандар барып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге су беріле бастады», - делінген Қостанай облыстық энергетика басқармасының хабарламасында.

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.