Оралда жолаушылар пойызы 25 жастағы жігітті қағып кетті

28.06.2021 в 15:00

Ол ота үстінде көз жұмды

Оралда жолаушылар пойызы қағып кеткен 25 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңда Желаев тас жолы бойында, «Кар сити» кешені маңында болды. Сағат 09.10-да теміржол вокзалының кезекшісі жедел жәрдем шақыртты. Бригада бес минуттан кейін жетті. Бас пен мидың ашық жарақатын алған 1996 жылғы жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алайда ол ота үстінде көз жұмды. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек ҚР ҚК 344-бабы 1-бөлігіне (теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті аталған оқиғаның ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес қайта сараланғанын жеткізді.