Жетісу ауданында қоймадан шыққан өрт өшірілді

15.01.2023 в 15:10

Зардап шеккендер жоқ

Алматыдағы базардың біріндегі қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жетісу ауданы, Москвин көшесі, 7 мекенжайында қоймадан өрт шығып, 2000 шаршы метр аумақты қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінен 115 маман мен 29 техника, "Алматы су" мекемесінің техникалары, сондай-ақ , құтқару қызметінің 109 су тасығышы және қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.

"Өртті сөндіру жұмыстары объектілік гидрант өртінің ақаулы болуымен күрделенді. Осыған байланысты су беру жұмыстары қосымша үздіксіз қамтамасыз етілді: келген өрт сөндіру автоцистерналарынан магистральдық желі тартылды, жақын маңдағы су қоймасынан су алу ұйымдастырылды, "Алматы су" техникасы іске қосылды. Құрылымдардың құлауы өрт сөндірушілерге қоймаға кіруге мүмкіндік бермеді",  деп хабарлады қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында өрт түскі сағат 13:18-де толық сөндірілді.