Хостел бойынша қылмыстық іс қозғалды

30.11.2023 в 15:17

Алдын ала мәлімет бойынша өрт дәлізден басталған

Алматы қаласындағы өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған.

Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеуде.

Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы 457 шаршы метрді құрайды.

Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Оқи отырыңыз: Өртенген хостелдің жер участкесі мақсатсыз пайдаланылған