Алтай ауданында өрт сөндірушілер ірі апаттың алдын алды

17.03.2024 в 14:29

Цехтағы қызыл жалынды уақытылы басты

Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің бөлек тұрған 2 қабатты цех аумағында концентраттарды қоюлау және сүзу учаскесінде шатырдың жануы орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келді, олар отпен күреске кірді. Сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, алдын-ала болжам бойынша өрттің аумағы 260 шаршы метрді құрайды. Өрт сағат 15:48 жойылды. Өрт ауданы 260 ш.м.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: Еңбекшіқазақ ауданыда қойма өртенді