Ақтауда құрылысшылар арасында қақтығыс болды

30.06.2021 в 15:44

Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, бақылауға алынған

Ақтауда құрылысшылар арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Rixos Water World Aktau» қонақүйі ауданында салынып жатқан нысан құрылысшылары арасында жанжал шықты. 

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысшылар арасындағы қақтығыс 29 маусымда шамамен кешкі сағат 19.20 кезінде құрылыс алаңында болған. Кәсіпорынның күзет қызметі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері құрылыс алаңындағы жанжалды тоқтатқан. 

«Оқиға орнында күзет бастығы, Ақтау полиция басқармасының бастығы және өңірлік полиция департаменті бастығының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Дерек бойынша жанжалға қатысқан жұмысшылардан араз-шағым түскен жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, бақылауға алынған»,– делінген хабарламада.