Қызылордада ер адам көпірден секіріп қайтыс болды

17.12.2022 в 15:55

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті.

Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке қарай, азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.