Жол апаты: үш күнде 25 адам көз жұмған

18.07.2023 в 16:07

Жүргізушілер басып озу үшін қарсы жолаққа өткен

Қазақстанда 3 күн ішінде 25 адам жол апатынан қаза болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апаттың көбіне жүргізушілердің асығыс маневр жасап, басып озу үшін қарсы жолаққа өткен. Күні кеше Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасында 10 адам опат болған еді. Тағы 12 адам ауруханада жатыр. Шаян ауылының маңындағы бұл жантүршігерлік жағдайда автомобильдер де түгі қалмай, өртеніп кеткен.    

– Алты ай ішінде біз 1,5 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалғанымызға қарамастан, бүгінгі таңда 1 022 адам қаза тауып, 7 370 қазақстандық жарақат алған. Олардың өмірі жол апатына дейін және кейін болып екіге бөлінді, себебі олардың қаншасы аман, қаншасы мүгедек болып қалатынын білмейміз, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.