Қостанай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

21.11.2021 в 16:12

4 адам зардап шекті

Қостанай облысында ірі жол апатынан 2 адам көз жұмып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 05:30 шамасында Рудный-Қостанай автожолында 29 жастағы мас жүргізушісі BMW маркалы көлігін басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 31 жастағы жүргізуші басқарып отырған Audi автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан BMW жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызызылды. Audi жүргізушісі мен бір жолаушысы сол жерде көз жұмды, тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша Рудный қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

«BMW жүргізушісі Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қостанай облысының полиция департаменті жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдың басынан бері 1 400 жүргізуші мас күйде көлік айдаған, 87 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Оларға қатысты ҚР ҚК-ның 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған», делінген хабарламада.