Қарағанды облысындағы ұшақ апатына не себеп болды

03.10.2023 в 16:15

Талғат Ластаевтің айтуынша, нұсқаушы ұшқыш тәжірибелі болды

Қарағанды облысындағы ұшақ апатының бірнеше себебі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігі Авиация комитетінің төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкіметте өткен брифингте Талғат Ластаев сенбідегі оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, әуедегі сәтсіз сапардан соң бірден тергеу амалдары басталған. Әзірге 3 нұсқа қарастырылып жатыр. Құзырлы орган өкілі «ол – адами фактор, жарамсыз техника және сыртқы әсер» деді.

– Нұсқаушы ұшқыш тәжірибелі болды. Әуеде 1097 сағат ұшқан. Алғашқы дайындықты Жуковский атындағы әскери-әуе академиясы әскери-әуе күштерінің жоғары оқу орталығында өткізді. Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты, әскери дәрежесі – қатардағы жауынгер болған. Ұшақ апатына қатысты қазір 3 себепті қарастырып жатырмыз. Тергеу қорытындысы бойынша нәтиже хабарланады, – деді ҚР Көлік министрлігі авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Оқи отырыңыз: Балама зорлық көрсеткен: ІІМ түсініктеме берді