Оралда тұрғын үй маңында жас жігіт асылып өлді

03.06.2019 в 16:25

Марқұм жедел жәрдем келгенше қайтыс боп кеткен

Оралда тұрғын үй ғимаратының артынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«2 маусымда сағат 09:42-де жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Громовая көшесі 2/1 үйдің артында 30-35 жас аралығындағы адамның асылып тұрғаны хабарланған. Марқұм жедел жәрдем келгенше қайтыс боп кеткен», – деп хабарлайды БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.