Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік өртенді

27.07.2022 в 16:55

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт 27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында орын алған.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.