Алматыда тау бөктерінде өрт шықты

06.09.2022 в 16:55

Өртті сөндіруге 106 адам, 8 арнайы техника жұмылдырылған

Алматылықтар тау бөктерінде қураған ағаштар өртенген, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.

Алматының тау бөктерінде өрт шығып 1 жарым гектар аумаққа тараған. Дәл қазір оқиға орнында төтеншеліктер тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Алматының Медеу ауданындағы Кеңсай зиратының жоғарғы тұсына адам жаяу жетпесе, арнайы техниканың мұнда шығуы мүмкін емес. Қурайлар мен бұталар лезде тұтанғандықтан жұмыс та қиындай түскен. Төтеншеліктер өрттің жақын маңдағы үйлерге таралмауы үшін тырысып жатыр. Бірақ қауіп сейілмей тұр. Өртті сөндіруге 106 адам, 8 арнайы техника жұмылдырылған. Айта кетсек, таудағы өрт бүгін сағат 11:00 шамасында тұтанған. Нақты себебі анықталмады.