Алматыда түрмеге есірткі тасыған адам ұсталды

24.04.2020 в 17:10

24 жастағы ер адам палаудың ішіне есірткіні жасырып қойған

Алматыда түрмеге есірткі тасыған тағы бір «жеткізуші» ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы «тосынсый» жасырын болды: 24 жастағы ер адам палаудың ішіне есірткіні жасырып қойған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 67 грамм болатын «гашиш» есірткісі.

«Қаскөй СИ-18 ғимаратына сәлемдеме жіберген кезде ұсталды. Осылайша, ұсталған адамдарға есірткі тапсыру әрекеті тоқтатылды. Жеткізуші Алматы қаласында тұратын Н.есімді ер адам. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 296-бабы 2 бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Н. уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.