Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден бөледі

30.11.2023 в 17:31

Ерболат Досаев тиісті тапсырма берді

Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстары 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек алады, тиісті тапсырманы қала басшысы Ерболат Досаев берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев мәлімдеді.

- Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінеді. Сондай-ақ бұрын айтылғандай Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денесін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдеседі. Бұдан басқа жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға толық көмек көрсетіледі, - деді Айдар Жақыбаев.

Қаза тапқан шетел азаматтарының отбасына мәйіттерді жерлеу орындарына дейін тасымалдауға көмек көрсетілетін болады.

Оқи отырыңыз: Хостелдегі өрт: дәрігерлер ауруханадағы науқастардың жағдайы туралы айтты