Көбейтұзға көлікпен кірген жүргізуші кешірім сұрады

23.07.2020 в 17:46

Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген

Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоүндеу полиция учаскесінде түсірілген. Ереже бұзған азамат Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапармен бара жатқанын атап өтті. Жолшыбай бәріне танымал болған Көбейтұзға соғуды ұйғарған.

«Әрине, менің әрекетім дұрыс болған. Кешірім сұраймын. Мен жаяу да жүре алатын едім, кәрі емеспін, бірақ солай болып қалды. Кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде қатты шу шықты. Шынымды айтсам, мен 40 жастамын, өзім де мұндайды істеймін деп ойламадым», – деді жүргізуші.