Щучинскіде тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам көз жұмды

07.01.2024 в 18:06

Тілсіз жауды сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылдырылған

Щучинскіде тұрғын үйден өрт шығып, қызыл жалын 2 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тілсіз жауды сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылдырылған. Төтеншеліктердің айтуынша, толығымен ағаштан салынған үйдегі қызыл жалынды сөндіру қиынға соққан.

– Екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Аумағы 100 метр болады. Үй ағаштан салынған. Өртті сөндіру кезінде 2 адамның мәйіті табылды, – деді Бурабай аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қанат Бабаев.

Оқи отырыңыз: Оралда оқушылар қашықтан оқиды