Ақтөбе облысында жұмысшы көз жұмды

21.12.2022 в 18:39

Ер адамға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, медицина мамандары оның өлімін растады

Ақтөбе облысындағы кеніштердің бірінде 48 жастағы жұмысшы қаза тапты. Өндірістік жазатайым оқиға Мұғалжар ауданындағы «Юбилейное» шахтасында болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеніш желдеткіш құрылғысының қасында тоқ жөндеп отырған электрикті жүк тиегіш техниканың машинасы байқамай қалып, шөмішпен жаншып тастаған. Ер адамға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, медицина мамандары оның өлімін растады.

«Комиссия және басқа құзырлы органдар кешегі күннен бастап тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр», – деді облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Исқарин.