Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайды – Тоқаев

06.05.2020 в 20:17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай сәлемдемесін жеткізу үшін Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Мақтаарал ауданына барды

Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осындай сәлемдемесін жеткізу үшін Премьер-Министрдің орынбасары  Роман Скляр Мақтаарал ауданына барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда ол су алған ауыл тұрғындарымен кездесіп, Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырғандығын жеткізді.

Бұған дейін роман Склярдың басшылығымен орын алған жәйтқа байланысты арнайы коммисия құрылған болатын. Комиссия келген шығынды шұғыл түрде есептеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Ең алдымен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ. Сондай-ақ, комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.