Алматы полициясы атыс шығарған ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр

24.04.2021 в 20:26

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Қазіргі уақытта пәтерде жасырынған күдіктімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы адам тұрғын үй кешеніндегі баспалдаққа оннан аса оқ атқан.  Оқыс оқиғадан зардап шеккен азамат реанимацияда, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Полиция азаматтарды тынышталуға шақырады. 

Қарулы азамат келіссөздерден бас тартып отыр. Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция әлі де жалғасып жатыр.