Оралда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты

31.08.2023 в 20:50

Өрт 8-қабаттан шыққан

Оралда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қызыл жалыннан 45 адамды құтқарған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өрт 8-қабаттан шыққан. Тілсіз жау сағат 5:00-де тұтанған. Оны өшіру үшін 68 маман мен 20 бірлік техника жұмылдырылды. Өртенген үйден бір тұрғынның мәйіті шығарылды. Ал екінші марқұм жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Олар ыстан қатты уланған. Түтінге түншыққан тағы 2 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа.

– БҚО ТЖД-ның 20 техникасы мен  8 қызметкері жұмыс жүргізді. Өрт сағат  5:09-да оқшауланып, сағат 5:34-те толығымен сөндірілді, – деді БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы Асхат Қыдыров.

Оқи отырыңыз: Астана жылыту маусымына дайын ба