Бір мектептің үш бірдей қызметкері жол апатынан қаза тапты

11.12.2022 в 10:08

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Абай облысы Үржар ауданы Жанай орта мектебінің үш қызметкері жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 09.12.2022 жылы сағат 14:45-те “Таскескен-Бақты” тасжолында орын алды. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші  рулді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты. 

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.