Референдум - 2022: Exit-poll нәтижесі белгілі болды

06.06.2022 в 00:19

«Қазақстан» «СОЦИС- Астана» ҚҰ жобасының жетекшісі Әлібек Тәжібаев  Exit-poll нәтижесін  айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін біздің компания Қазақстанның барлық аймағында зерттеу жүргізді. Сайлау учаскелерінің шыға берісінде  350 мың қазақстандықтан сұхбат алды. 1500 интервьюер 315 референдум учаскесінде жұмыс істеді. Енді Exit-poll нәтижелері: Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау көрсеткендер 76,7 пайыз, қарсылық танытқандар 23,3 пайыз. Сауалнама бойынша 67,5 пайыз азамат референдумға қатысқан», – деді Тәжібаев.

«СОЦИС-А» КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ:

• 76,7 % адам «жақтап»  дауыс берді;

• 23,3% адам  «қарсы» дауыс берді;

• Референдумға қатысқан адамдар саны 67,5%-ды құрады.

«ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР» ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ EXIT POLL МӘЛІМЕТТЕРІ:

• Референдумға қатысқандардың 74,8%-ы «жақтап» дауыс берді;

«Қарсы» дауыс бергендер - 25,2%;

• Референдумға қатысқан адамдар саны 70,1%-ды құрады.

«ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ» EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ:

•«Жақтап» дауыс бергендер 79,4%;

• Қатысушылардың 20,6%-ы «қарсы» дауыс берді;

• Референдумға қатысқан адамдар саны   66,3% құрады.

Орталық референдум комиссиясының алдын-ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы 5 маусымда, сағат кешкі 22.00-де 8 миллион 30 мың 739 адам бюллетеньдер алғаны тіркелген. Дауыс берген тұлғалар саны  68,44% -ды құрады. Референдумға қатысу бойынша   көшбасшы – Түркістан облысы  – 80,66%.  Алматыда 33,3%  адам дауыс берді.

Еліміз облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алған.Оның ішінде:

Айта кетейік, бүгін ел бойынша жалпыхалықтық республикалық референдум өтті.