Алматыда дауыс беру басталғалы 156 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады

05.06.2022 в 11:29

Ақпаратты қалалық референдум комиссиясы мәлімдеді

Дауыс беру басталғалы бері 156 мыңнан астам алматылық өз таңдауын жасаған. Бұл дегеніміз қала халқының 13,9 пайызы. Ақпаратты қалалық референдум комиссиясы мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сағат 12.00-ге дейін үй-жайдың мекенжайында дауыс беруге арналған арыздар, өтініштер қабылданады. Қазіргі сәтте ақпарат бойынша учаскелерден алынып жатқан аудандарда белсенділік ақырындап өсіп жатыр. Негізі таңғы сағат 7.00-де келген азаматтар да бар», – деді Алматы қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерде тізімнен өзін таппай, дауыс бере алмай жатқан жағдайлардың бар екені байқалған еді. Қалалық референдум комиссиясы олардың ешқандай да дауыс беруден бас тарту туралы арыз жазбағанын, мәселенің шешілгенін айтты.

«Тұрақты тіркеуі жоқ адамдар кірмеген. 20 мамырдан бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметтерін атқара бастады. Әр азаматтың тіркеуіне сәйкес дерекқорда мәліметтер бар. Сол мәліметтерге сәйкес тіркеу табылса, ол азамат учаскелік комиссияның шешімімен тізімге енгізіледі», – деді Алматы қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.