12:00-дегі жағдай: Референдумда халықтың 30 пайызы дауыс берді

05.06.2022 в 12:42

Дауыс беру республиканың 9 992 учаскесінде өтіп жатыр

Қазақстандықтардың белсенділігі сағат сайын арта түсуде. Осы уақытқа дейін халықтың үштен бір бөлігі дауыс берген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел халқының 30 пайызға жуығы өз дауысын берді. Республика бойынша 10 мыңға жуық учаске жұмыс істеп жатыр. Орталық референдум комисссиясының дерегінше, өңірлер бойынша Шымкент қаласы жоғары белсенділік танытуда. Мұнда халықтың 34 пайызы таңдау жасап үлгерген. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарында дауыс беру көрсеткіші 30 пайыздан жоғары.

«Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-дегі деректерге сәйкес, дауыс беру республиканың 9 992 учаскесінде өтіп жатыр. Азаматтардың референдумға белсенділігі бұл өзінің белсенді сайлау, мемлекеттік мәселерді шешуге тікелей қатысу құқығына саналы және жауапкершілікпен қарау көрсеткіші», – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының көрсеткіші төмен. Естеріңізге салайық, дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Ел бойынша 12  миллионға жуық адамның референдумға қатысуға құқығы бар. Орталық референдум комиссиясы сағат сайын ақпарат таратып жатыр.