16:00-дегі мәлімет бойынша 25 пайыздан аса алматылық дауыс берген

05.06.2022 в 19:10

Жалпыхалықтық науқанның аяқталуына 1 сағат қалды

Сағат 16:00- дегі мәлімет бойынша алматылықтардың 25,95 пайызы таңдау жасап, дауыс берген. Ақпаратты қалалық референдум комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Осы тұста жалпыхалықтық науқанның аяқталуына 1 сағат қалғанын айта кеткеніміз жөн.

Соңғы болған брифингте, яғни 16:00-дегі ақпар бойынша қалада 292 мың 365 тұрғынның дауыс бергені айтылды. Өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

«Бүгін дауыс берушілер өте көп. Мысалы мен участоктарды аралап шықтым. Халық көп келіп жатыр. Әсіресе Алатау, Наурызбай ауданында. Бірақ қатты заң бұзушылық, арандату көріп тұрған жоқпын», – деді бақылаушы Бекнұр Кисиков.

Брифингте сөз алған халықаралық бақылаушы референдум учаскелерінде арнайы құжатсыз дауыс беруге келгендердің болғанын айтады. Шетелдік өкілдің өзі таңғы сағат 7:00-ден бері 14 мекеменің референдум өткізу тәртібін бақылаған. Сондағы нәтиже бойынша, өкініштісі кей азаматтар, оның ішінде басқа қаланың тұрғындары дауыс беруге қатысу ережесін білмейді. Осы себептен де кей учаскелерде түсініспеушілік болған.

«Референдумның қорытындысына кесірін тигізетін жағдайлар анықталған жоқ. Кейбір уческелерде тұрғылықты мекенжайын білмей, ескерусіз келгендер болды, бірақ комиссия мүшелері олармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, дұрыс бағдар көрсетті. Өкініштісі, өзге қаладан келген бүтін бір отбасы тиісті құжатын әкелмеген», – деді халықаралық бақылаушы Артем Оганов.

Жалпыхалықтық референдумның аяқталуына 1 сағаттай уақыт қалды. Сағат 8-ден бастап дауыс беру учаскелері тұрғындарды қабылдамайды. Бақылаушылардың қатысуымен комиссия мүшелері жауаптардың нәтижесін шығаратын болады. Осылайша, республика, оның ішінде Алматының нақты көрсеткішін біле аламыз.