Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды

12.10.2022 в 10:03

Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды

Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға бес кандидатты тіркеді:

Қасым-Жомарт Тоқаев - қазіргі Мемлекет басшысы.

Нұрлан Әуесбаев - оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.

Мейрам Қажыкен - Amanat республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған кандидат.

Жигули Дайрабаев – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.

Қарақат Әбден – "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен.

Тағы жеті кандидат ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Олардың құжаттары әлі қаралып жатыр.

Жұматай Әлиев, "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағынан.

Нұржан Әлтаев, "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен.

Салтанат Тұрсынбекова, "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.

Хайрулла Ғабжалилов, "Асар" оралмандар қауымдастығы" ҚБ ұсынған.

Бақыт Жаңабаев, "Қазақстан әуесқой футболшыларының" қоғамдық бірлестігінен.

Фатима Бизақова, "Тәжірибелік психология" қоғамдық бірлестігінен.

Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды.