Ерлан Қошанов: Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім

20.11.2022 в 10:09

Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.

«Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім», – деді Е.Қошанов.