Ауруханада жатқан балалардың ата-аналары да дауыс берді

20.11.2022 в 12:38

Сайлау учаскесінде барлығы 174 адам дауыс берді

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында орналасқан №307 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент сайлауына клиникада ем алып жатқан балалардың ата-аналары да біркісідей қатысып, өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінде барлығы 174 адам дауыс берді.

Қазіргі  уақытта учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.

Дауыс беру таңғы 7-ден басталып, сағат 12.00-де аяқталды.

Tags: сайлау