Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси ұйымдастырылды

20.11.2022 в 12:13

Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды - Ұлан Инкарбеков

ҚР ЕХӘҚМ үйлестіру кеңесінің мүшесі, I топтағы мүгедек Ұлан Инкарбеков өзінің №42 сайлау учаскесіне инватаксимен келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бүгінгі сайлау өте қарқынды өтуде. Мен жаңа ғана өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Ешқандай бұзушылықтар жоқ, адамдардың дауыс беруге біртіндеп келіп жатқанын көремін. Мүгедектерге ешқандай кедергі жоқ, мені учаскеге дейін арнайы көлікпен алып келді. Кабина өте қолжетімді болды-көру қабілеті нашар адамдарға арналған үлкейткіш әйнек, зағиптарға арналған Брайль трафареті бар әрі іші кең. Мен өз арбаммен тыныш кіріп-шыға алдым. Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды", - деді Ұлан Инкарбеков.