Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов дауыс берді

20.11.2022 в 16:54

Жазушы, драматург Смағұл Елубай бүгін кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол «саяси науқанға қатысу, мемлекетіміз үшін тарихи таңдау жасау - әр азаматтың парызы» деп атап өтті.

«Егер дауыс бермесек, сайлауға қатыспасақ,  сайланған Президенттен бағдарламасын өтеп, өтемей жатқаны туралы талап ету құқымыздан айырылған болар едік», – деді жазушы, драматург Смағұл Елубай.

Ал ел болашағы сіз бен бізге тікелей байланысты деген Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов алғашқылардың бірі болып сайлауға қатысты

«Біз – ата-бабамыздың аманатын арқалаған елміз. Келешек ұрпақтың арман-мүддесіне жауапты елміз», – деді Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов.