«Ел ертеңі» қоғамдық қоры Алматыдағы 531 ашық сайлау учаскесін бақылады

21.11.2022 в 19:39

«Ел ертеңі» қоғамдық қоры Алматыдағы 531 ашық сайлау учаскесіне байқаушы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар саяси науқанның ашық әрі әділ өтуін 14 сағаттан астам уақыт бақылады. Қала бойынша Конституцияға қатысты заң бұзылмады.

«Елімізде демографияның ашық, бар екенін көрсетіп жатыр. Әділ Қазақстан, «сайлаудың әділ өтуіне өзім кепілдік беремін» деп Президент те айтып өтті. 5 пайыздан астам  «бәріне қарсымын» деген дауысты да есепке алып, жариялағанның өзі демократиялық көрсеткіш деп ойлаймын», – деді  «Ел ертеңі» қоғамдық қорының мүшесі, саясаттанушы Талғат Жанысбай.

Tags: сайлау