Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үміткерлер тізімін бекітті

13.02.2023 в 18:23

ОСК 12 шетелдік байқаушыны тіркеді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үміткерлер тізімін бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саяси додаға партия атынан 19 адам ұсынылған.

«Үміткерлер қатарында 6 әйел, қоғам белсенділері, жастар мен мүгедек азаматтар бар. Белгіленген квота орындалды», – деді Орталық Сайлау Комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның айтуынша, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына ЖСДП қатыспаған. Сондай-ақ ОСК 12 шетелдік байқаушыны аккредиттеді.

«СІМ 3 мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 12 байқаушыны тіркеуді ұсынды. Атап айтсақ, Корея, Қырғызстаннан 1 байқаушыдан, ТМД байқаушылар миссиясынан 7, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 2 байқаушы тіркелді», – деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.