Алматыда Кәдірбек Демесін таңдауын жасады

19.03.2023 в 18:51

"Алматыда Кәдірбек Демесін таңдауын жасады", - деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, актер Кәдірбек Демесін Парламент Мәжілісі мен қала мәслихатына  депутаттарды таңдау үшін өзінің сайлау учаскесіне барды.

«Жұрт өмір сүріп жатқан кезеңіміздегі өзгерісті күтеді. Сондықтан да мереке деп ойлаймын. Әркім өз қалауы бойынша дауыс беріп жатыр. Сайлауға немқұрайлы қарамай, түгел атсалысуымыз керек.  Ел аман, жұрт тыныш болсын», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, актер Кәдірбек Демесін.