Алматыда Асанәлі Әшімов дауыс берді

19.03.2023 в 19:04

"Алматыда Қазақстан Халық әртісі Асанәлі Әшімов дауыс берді", - деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Мәжіліс мен мәслихат депуттарын кезектен тыс сайлауы өтуде. Халық әртісі ауылдың жағдайы көтерілгенін қалайтынын атап өтті.

«Бүгінгі сайлау ерекше. «Жас келсе - іске» деген жастар Мәжіліске келіп жатыр. Президент халық үшін жұмыс істейтінін айтты. Мен де Халық әртісімін, әр уақытта халықты жақтаймын. Сондықтан ауылдың жағдайы көтерілгеніне бәріміз тілектеспіз», – деді Қазақстан Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Tags: сайлау