Алматыда әнші Өктем Алтаев дауыс берді

19.03.2023 в 21:58

«Сайлауда жастар көп. Олар өздерін ұсынып, бағдарламасын айтқан екен. Мен қуаныштымын» деп ойын білдірген әнші өз таңдауын жасады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«Кәрі келсе, асқа, жас келсе, іске» деген қазақта жақсы сөз бар ғой. Сайлауда жастар көп. Олар өзін ұсынып, бағдарламасын айтқан екен. Мен қуаныштымын. Жаңа Қазақстанда жастар да белсенділік танытуы керек деп ойлаймын. Бүгінгі сайлаудың ерекшелігі сол және маңызды деп ойлаймын. Ол –болашақ үшін шешуші кезең», – деді әнші, композитор Өктем Алтаев.