Сайлаудың маңызын кез келген көзқарақты азамат түсінеді - Тұңғышбай Жаманқұлов

19.03.2023 в 22:18

Бүгін Мәжіліс пен мәслихат депуттарын кезектен тыс сайлауы өтуде. Алматыда Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов дауыс берді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шыны керек өткен кезеңдерден ұтылғанымыз көп. Оны орнына келтіру үшін жайбарақат жатуға болмайды. «Асыққан шайтанның ісі» ғой, бірақ асықпағанның өзінде ойланып-толғануға көп нәрсенің керегі жоқ. Сайлаудың маңызын кез келген көзқарақты азамат түсінеді. Бұл – балалардың болашағы. Елімізді кім құрады? Оны ешкім келіп құрып бермейді. Сайлауға келіп, дауыс бергеніміз елдің ертеңіне атсалысқанымыз», – деді Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.