Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты жігіті атанды

01.10.2021 в 12:54

Әнші бұған дейін де түрлі награда иеленді

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген King Choice онлайн дауыс беру рейтингінде бірінші орынға ие болды. Ол 9,3 миллион дауыс жинап Азияның ең сымбатты жігіті атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жақында THE 100 MOST ATTRACTIVE ASIAN CELEBS 2021 байқауы өткен болатын.           

Бұған дейін Jas Otan жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын бастаған еді. Дауыс бері 30 қыркүйекте аяқталды.                 

Екінші орында оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin). Ол 8 миллионнан астам дауыс жинады.                             

Үшінші орында Чха Ын У (Cha Eunwoo) — оңтүстіккореялық әнші, актер және модель. Astro тобының мүшесі. Оған 1,9 миллион рет дауыс берген.

Айта кетері, Димаш түрлі наградаға ие. Ең маңыздылары арасында - Қытайдың Top Chinese Music Awards премиясында «Азиядағы ең танымал әнші» номинациясы, MTV Global Chinese Music Awards-та «Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы» номинациясы,  Қытай мен Қазақстан «Достық елшісі» наградасы бар.

Дереккөзі: Sputnik.