Танымал әнші Kalifarniya үйленді

08.07.2023 в 12:54

Бұл жаңалықты танымал өнер адамдары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап жатыр

Танымал әнші Kalifarniya үйленді. Бұл жаңалықты танымал өнер адамдары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің таңдауы Анеля есімді қызға түскен.

Бұған дейін Анеля әншінің бейнеклиптеріне түскен еді. Сондай-ақ, TikTok арқылы да көпшілікке таныс.

Әншінің сүйіктісі биші ретінде де танымал.

Желі қолданушылары жастарға бақыт тілеген.

"Бақытты болыңдар, жас жұбайлар. Бақытты болсын! Табын ауылына +1 келін ба?" - деп жазған олар.