Путинцева Торонто турнирінің ширек финалында

12.08.2022 в 09:15

Ширек финалда отандасымыз WTA рейтингінде 7-орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездеседі

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 46-орын) Торонто турнирінің 1/8 финалында америкалық Алисон Рискпен (35-орын) кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Путинцева екі сетте де (6:3, 7:5) қарсыласынан басым түсіп, ширек финалға шықты. Екінші сетте 2:5 есебімен жеңіліп жатып, жеңісті жұлып алды.

Ширек финалда отандасымыз WTA рейтингінде 7-орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. 

Естеріңізге сала кетейік, Юлия турнир барысында канадалық Катерина Себовты, одан кейін әлемнің үшінші ракеткасы, испандық Пауло Бадосаны жеңген болатын.