Қазақстан қоржынында алтын: Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды

21.07.2022 в 09:27

Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын

26 жастағы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында кедергілермен 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальге ие болды, деп хабарлады Almaty.tv Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Ол межені 8:53.02 уақытта еңсерді.

Осы маусымда Нора Джеруто АҚШ-та Diamond League-тің қомақты кезеңінде жеңіске жеткен еді.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатыр. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетері, Джеруто Қазақстан азаматтығын 2018 жылы алған болатын.

Дереккөз: Sputnik.